8 жыл бұрын жасалған қылмыс ашылды

Жамбылдық полицейлер 8 жыл бұрын жасалған қылмысты ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы, NEGE. Осыдан сегіз жыл бұрын 2013 жылдың 6 қараша күні Т. Рысқұлов АПБ-на Құлан ауылының 56 жастағы тұрғыны екі белгісіз тұлғаның автокөлікте келе жатып, оған қатысты қарақшылық әрекеттерін жасап, пышақпен дене жарақаттарын салғаны туралы арызданған болатын. «Аталған дерек бойынша ҚК-тің (1997 жылғы басылым) 179-бабы 2-бөлігімен (Қарақшылық) қылмыстық іс қозғалған.

Осы жылдың 24 тамызында Т.Рысқұлов аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында аталған қылмысты жасаған Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының 24 және 26 жастағы тұрғындары анықталып, ұсталды. Олар екі ай мерзімге қамаққа алынды»,- делінген полиция департаментінің хабарламасында. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде, күдіктілер өздері жасаған қылмыстарын толық мойындаған. Ведомство Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайтынын ескертеді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады