8 наурыз әрбір әйелге ақша беріледі

Түркіменстанда халықаралық әйелдер күні мерекесінде елдегі әйелдерге сыйлық жасау туралы шешім қабылданды.

Алматы, NEGE. Әрбір әйелге 3 доллардан беріледі, деп хабарлайды zakon.kz. 

Бұл шешім Түркіменстан үкіметінің отырысында айтылды.

Президент Гурбангулы Бердымухамедов экономика және қаржы жөніндегі вице-премьер Гадыргелди Мушшиковқа Халықаралық әйелдер күніне орай Түркіменстан әйелдеріне 60 манат ("қара нарықтың" курсы бойынша шамамен $3) төлеуді ұсынды.

Бірақ бұл сыйлық тек жұмыс істейтін, оқитын, зейнетақы мен жәрдемақы алатын әйелдерге ғана беріледі.