89 жастағы қария індет жұқтырды

Алматы облысы Кеген ауданының 89 жастағы тұрғыны коронавирус жұқтырды, - деп хабарлайды Алматы облысы əкімінің баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Ол бұрын ауырған пациентпен байланыста болған. Қазір науқас Шелек ауылындағы аудандық аурухананың инфекциялық бөліміне жатқызылды.
Жалпы Алматы облысында COVID-19 инфекциясымен ауырғандар саны - 150, жазылып шыққандар - 28. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?