88 жастағы қартты тонаған күдікті ұсталды

Елорданың криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шарасы барысында қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні қолға түсірді.

Алматы, NEGE. Полицияға жүгінген 88 жастағы қарт түнгі уақытта белгісіз адамның есік қаққанын айтады. Ашқан бойда соққы жасаған бейтаныс жігіт саусағындағы алтын жүзігін шешіп алыпты.

Мұнан соң үйін тінтіп, тағы бір алтын жүзікті қолды қылған. Тергеу барысында қаскүнемнің Затаевич көшесіндегі пәтерді бір тәулікке жалға алғаны анықталады. Қарама-қарсы пәтерде жалғызбасты қарияның тұратынын білген ол тонауға бел буады.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 28 жастағы күдікті ұсталып, уақытша оқшаулағышқа қамалды. Бұған дейін де ұрлық жасағаны үшін сотталған болып шықты. Ол алтын бұйымдарды ломбардқа өткізіп үлгерген.

Осыған орай, Сарыарқа аудандық полиция басқармасының бастығы Қуаныш Орынбетов қала тұрғындарын сақ болуға шақырды.

«Нұр-Сұлтан қаласының полициясы азаматтарға, әсіресе қарт адамдарға пәтердің сыртқы есігін құлыптауды ұмытпау, бөгде адамдарды үйге кіргізбеу және сенгіш болмау қажеттігін ескертеді», - деді ол.

Қазір оқып жатыр

Танагөз Толқынқызы қазақ қоғамы туралы жазбасынан кейін полицияға шақыртылды

Александр Машкевичтің қыздары «Еуразиялық банктің» ірі қатысушысы мәртебесіне ие болды

Алматыда бір аптадан бері танымал әншінің ұлы іздестіріліп жатыр

Алматыда заңгер әрі блогер Әділетхан Молдахан ұсталды