16 апреля 2020 г. 8:27

81 мың адамға әлеуметтік ID карта берілді

Фото:

Елде 81 мыңнан астам адамға әлеуметтік «Ай-Ди» карта берілді, деп хабарлайды «Хабар 24». Ол арқылы тұрғындар қоғамдық көлікте жолақысын жеңілдікпен төлеп, сауда орындары мен дәріханаларда есеп айырыса алады.

Алматы, NEGE. Бұл – айналымдағы құжат санын азайтып, бірқатар мемлекеттік қызмет түрін біріктірудің амалы. Қазір осы жоба республикалық маңыздағы үш қала мен сегіз облыс орталығында қолданылады. Ал қалған өңірлерде жыл соңына дейін іске қосылмақ. Карта ең алдымен, зейнеткерлер, әлеуметтік жәрдемақы алушылар, сондай-ақ мектеп оқушыларына ақысыз беріледі. Оны алу үшін «Қазпочта» және жергілікті жұмыспен қамту орталықтарына өтініш берсеңіз жеткілікті.  

ҚР ЕХӘҚМ цифрландыру департаментінің бас сарапшысы Ернұр Төлеужан: "Әлеуметтік төлемдерді мемлекеттен берілетін сол картаға төлеу арқылы жүзеге асырылды. Екіншіден, ол қоғамдық көліктерде жүру картасы. Үшінші, оқу орындарында кіріп-шығу фиксациясы, тегін тамақтану құқығы бар балаларға тегін тамақтан алады. Төртінші, тегін дәрі-дәрмек алатын азаматтар сол картамен дәріханаға барып штрих кодты көрсеткенде тегін дәрі алуға болады" деді.

Тегтер: