800 тонна пішен өртенді
Шығыс Қазақстан облысында биыл өрт қаупі жоғары кезең басталғалы бері 800 тоннадан астам пішен жанған.
Алматы, NEGE. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауынан 840 тонна пішен жанып кетті.
«Өрт сөндірушілер апта сайын жем-шөп сақталатын жерлерде, пішен жиналған сарайларда шыққан қызыл жалынмен күресуге аттанады. Мұндай өрттер Үржар, Көкпекті, Жарма, Аягөз, Бесқарағай және Күршім аудандарында тіркелген. Көп жағдайда өрт шығуының негізгі себептері – отты абайсыз пайдалану және өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы», - делінген хабарламада.