800 мектеп қашан салынады?

Үкімет отырысында Білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындылары және 2020-2025 жылдарға арналған жобасы қаралды, –  деп хабарлайды Үкімет баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов тілге тиек еткен мәліметтерге сенсек, 3 жылда Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға 1 триллион 466 миллион теңге бөлінді. Мектепке дейінгі ұйымдардың желісі 1728 бірлікке ұлғайтылды, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі оқытумен қамту 98 пайызға дейін артты. 1-10 сынып оқушылары (95,4 пайыз) жаңартылған мазмұнға көшті. 273 мың мұғалім (94 пайыз) жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша оқытылып, 30 пайыз мөлшерінде үстемеақы алуда. Аттестациядан өткен 123 мыңнан астам мұғалім қосымша төлемдерді 30-дан 50 пайызға дейін алады. 437 мемлекеттік және 80 жекеменшік мектеп жан басына қаржыландыруға көшті. 372 жаңа мектеп салынды. Тәжірибелік-құрастырымдық әзірлемелер бойынша шығындар 1,6 пайызға, ҒЗТҚЖ-ға жұмсалатын бизнес шығындарының үлесі 6,6 пайызға, коммерцияландырылған жобалардың үлесі 2,8 пайызға өсті.

2025 жылға дейін елімізде 800-ге жуық жаңа мектеп салынады. Тірек елді мекендерде 114 интернат салынады. Премьер-министр инвесторлар үшін білім беру саласының өсіп келе жатқан тартымдылығының маңыздылығын атап өтті. Алдағы 5 жылда салаға 11,5 триллион теңге бағытталады, оның ішінде 1,3 триллион жеке инвестициялар тартылады. Бұл жеке инвесторлар есебінен 150 мың орынға қосымша мектептер салуға мүмкіндік береді.

«Ел экономикасы үшін ғылымның нәтижелігін арттыру үшін ғылыми-зерттеу қызметі жетілдіріліп, ғылымға жұмсалатын шығындар көбейтіледі. Білім беруді қаржыландыру ЖІӨ-нің 7 пайыз деңгейін құрайды», – деді Мамин. 

Қазір оқып жатыр

Digital Qazaqstan Battle ұлттық стартап-батлының финалистері анықталды

Елордада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Жол инфрақұрылымының жаңғыруы: жаңа көлік дәліздері және өңірлердің дамуы

Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау жұмысы аяқталды