8 шілдеге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Еліміздің көптеген өңірінде жаңбыр жауады. Солтүстік пен шығыста нөсер жауынмен бірге күндізгі уақытта бұршақ жаууы мүмкін.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қазгидромет мәліметінше, елдің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында антициклон әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Астанада күн бұлтты, жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 22 24°C, түнде желдің жылдамдығы 2-9 м/с, күндіз 9-14 м/с, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с-ге жетеді.

Алматыда күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы 32 34°C, желдің жылдамдығы 3-8 м/с.

Шымкентте күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы 35 37°C, желдің жылдамдығы 8-13 м/с.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында дронға ұқсас техниканың бөлшектері табылды

«Шаршап кеттім»: Еркебұлан Тоқтар жеңілістен кейін үзіліс алатынын айтты

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды