8 маусымда Алматының орталық көшелерінде көлік қозғалысы шектеледі

Алматыда демалыс күндері The Spirit of Tengri фестивалінің өтуіне байланысты бірқатар көше мен даңғылда көлік қозғалысы шектеледі. Бұл туралы AlmatyJoly Telegram-арнасы хабарлады.

ашық дереккөзден

Алматы, NEGE. "7-8 маусым күндері Алматыдағы Абай алаңында сағат 17:30-дан 22:30-ға дейін заманауи этникалық музыкаға арналған жыл сайынғы халықаралық The Spirit of Tengri фестивалі өтеді.

8 маусым сағат 21:30-дан 22:45-ке дейін халықаралық музыкалық фестиваль аясындағы іс-шараларға байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі: Абай даңғылы бойынша Назарбаев даңғылынан Достық даңғылына дейін, сондай-ақ, Достық даңғылы бойында Құрманғазы көшесінен Сәтбаев көшесіне дейін.

Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, алдын ала жолыңызды жоспарлауыңызды сұраймыз", - делінген AlmatyJoly Telegram-арнасында жарияланған хабарламада.

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ топ-менеджерлеріне 1 млрд теңгеден астам сыйақы төленген: компания басшысы мән-жайды түсіндірді

Депозиттен кредиттің проценті көп. KEGOC НЕГЕ қинала бастады?

Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің қызметін оң бағалады

Енді шетелдік дәрі-дәрмектер халыққа жылдам жеткізілмек