8 адамға терезе орнатамын деп алдап, ақшаларын алған күдікті ұсталды

Көкшетау қаласы полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері “Сарыарқа” ықшам ауданында тұратын 8 тұрғынның өтініші бойынша бұрын жасалған қылмысты ашты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Зардап шеккендердің барлығы бір дауыспен тәртіп сақшыларына 2022 жылдың желтоқсанында белгісіз пластикалық терезе орнатушы алдын-ала төлем алып, өз міндеттемелерін орындамағанын және жоғалып кеткенін айтты.

Полицейлер бірден ҚР Қылмыстық кодексінің 190- бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.

Қылмыстың жасалу мерзімін ескере отырып, күдіктінің жеке басын анықтау қиын болды. Алайда осы жылдың сәуір айында жедел-іздестіру шараларынан кейін СҚО-ның 29 жастағы тұрғынын ұстады.

Күдікті өз ісін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осыған байланысты тәртіп сақшылары азаматтарға мұқият болуды, өз қызметтерін ұсынатын күмәнді адамдарға ақшаларын нотариалды куәландырусыз бермеуді ескертеді.

Қазір оқып жатыр

Талғарда 20 жастағы жігіттің өліміне күдіктілер ұсталды

«Халықты адастыру»: депутат ІІМ-ді қатаң сынады

Британия парламенті жастарға темекі сатуға өмір бойы тыйым салатын заңды мақұлдады

Рахат Тұрлыхановтың үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды