7 жыл ақша жинаған дәрігерлер мұқтаж жанға баспана сыйлады

Семей қаласындағы Жедел медициналық жәрдем станциясының қызметкерлері (ЖМЖС) Балалар үйінің түлегіне баспана алуға көмектесті.

Алматы, NEGE. Он сегіз жастағы семейлік Борис Гусев үшін Жедел медициналық жәрдем станциясының қызметкерлері жаңажылдық сыйлық жасады.

Олар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету мақсатында жасалған меморандум шеңберінде 2013 жылдан бастап Бористың атына ашылған арнайы банктік шотқа ақша салып отырған.

Осылайша, 2020 жылдың желтоқсан айында Балалар үйінің түлегі кәмелеттік жасқа толып, жинақталған қаражаттың арқасында өз үйіне қол жеткізді.

«Біз Бориске көмектесіп, оны қолдап, оның баспаналы болуына өз үлесімізді қосқанымызға шын қуаныштымыз. Жаңа қонысымен құттықтай отырып оған денсаулық, бақыт және бұл дүниедегі барлық жақсылықты тілейміз», – деді Семей қаласының ЖМЖС ұжымы.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?