7 өңірде ауа райы бұзылады

Қазақстанның 7 өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Алматы, NEGE. 6 мамырда Шымкент қаласында найзағай ойнап, дауыл соқса, Алматы облысының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Бүгін Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы – 15-20 м/с. Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, шаңды дауыл соғады, желдің екпіні – 15-20 м/с. Қызылорда облысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түркістан облысында қатты жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл соғады, бұршақ түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Төтенше жағдайлар комитеті азаматтарды ауа райы болжамын назарда ұстауға шақырады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?