7 өңір «қызыл» аймақта тұр

Коронавирустың таралуы бойынша еліміздің 7 өңірі «қызыл» аймаққа кірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. Қазақстанда 6 сәуірде COVID-19-дың оң нәтижесімен 256 837 науқас, ал КВИ теріс нәтижемен 50 839 науқас тіркелген. Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, «қызыл» аймақта 7 аймақ – Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан, Алматы, Ақмола, Ақтөбе облыстары тұр. Бұл ретте Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары қызыл аймақта 28 күн, Батыс Қазақстан облыстары 20 күн, Атырау облысы соңғы 2 апта, Ақтөбе мен Алматы облыстары соңғы апта бойы және Ақтөбе облысы соңғы тәулікте кірді», - министр. Оның атап өтуінше, Шымкент қаласы мен Қарағанды облысы сары аймақта болса, қалған 8 өңір жасыл аймақта орналасқан. «Наурызда ақпанмен салыстырғанда науқастану өсімінің 30 пайызға артқаны байқалатындығын атап өткім келеді. Мәселен, тәулігіне 1 800-ге дейін жағдай тіркеліп отыр. Сәуірдің 5 күнінің ішінде 9 983 жағдай, тәулігіне 2 мыңнан астам науқас тіркелуде», - деді Алексей Цой.

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін