7 миллион теңге тұратын 'Азитромицин' тәркіленді

Алматы облысында жалпы сомасы 7 миллион теңге болатын дәрі тасып келе жатқан автокөлік ұсталды,  деп хабарлады Қаржы мониторингі комитеті.

Aлматы, NEGE. 2020 жылдың 6 шілдесінде Алматы - Бішкек трассасында Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері дәрі-дәрмектерді рұқсат құжаттары мен лицензиясыз заңсыз сатқан тұлғаларды ұстады.

Тінту барысында 10 қорап (әр қорапта 242 данадан) жалпы соммасы 7 миллион теңге болатын "Азитромицин" препараты анықталған. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 214-бабы бойынша тергеу басталды. 

Сондай-ақ 5-6 шілде аралығында дәрі-дәрмекті тасымалдауға байланысты 18 заң бұзушылық (Нұр-Сұлтан, Шымкент, Маңғыстау облысы, БҚО, Алматы, Атырау облыстарында, ШҚО, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Түркістан облыстарында) анықталған. Одан бөлек, жалпы сомасы 727 миллион теңге болатын 182 мың қорап дәрі тәркіленген.