7 күнде 3 608 қылмыс жасалды

Бір апта ел аумағында 3 608 қылмыс жасалды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Алматы, NEGE. «Бір апта ішінде 3 608 қылмыс жасалып, оның ішінде 2 355 қылмыс бір тәуліктің ішінде ашылды. Қылмыстардың басым бөлігін ұрлық құрап отыр. Полиция қызметкерлері із суытпай 10 кісі өлтіру, 3 адам өліміне алып келген қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру, 44 тонау және 508 өзгенің мүлкі ұрлау қылмысын ашты», – деді ресми өкіл.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті