7 қалада ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК 3 сәуірде еліміз қалаларында қалыптасатын метеорологиялық ахуал туралы мәлімет ұсынды.

Алматы, NEGE. Синоптиктер болжамына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды, Теміртау, Балқаш және Жезқазған қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Өзге шаһарларда метеожағдай норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.