23 января 2022 г. 14:24
77 адам жансақтау бөлімінде жатыр
Алматыда коронавирус жұқтырған 77 адам жансақтау бөлімінде жатыр.
Алматы, NEGE. 21 қаңтар күні жағдай бойынша, бір тәулікте қалада 2 179 адам коронавирус жұқтырған.
Барлық емделіп шығарылғандар – 216, келіп түскені – 261. Инфекциялық стационарларда (3 310 төсек-орын) жалпы саны 1 393 адам (оның ішінде 190 балалар) емделіп жатыр.
Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 77 адам бар. Ал 13 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 27 адам ем қабылдауды жалғастыруда High flow-да 5 аппарат жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 11 370 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 10 744, симптомсыз 626 науқас бар.