76 жастағы кейуана «Супер әже» атанды
Астанада 76 жастағы зейнеткер 'Супер әже-2023' байқауының жеңімпазы атанды,- деп жазды Stan.kz.
Алматы, NEGE. Елордада өткен ресми байқауға барлығы 63 пен 76 жас аралығындағы 10 әйел қатысқан. Олардың арасында жоғары санатты ұстаздар мен дәрігерлер, халық хорының әншілері және республикалық еріктілер қозғалысына қатысушылар болған.
Әжелер бар өнерлері мен аспаздық қырларын көрсетіп, ұлттық билер мен вокалдық нөмірлерді орындады. Байқау қорытындысы бойынша Күлпаш Қалқабекова жеңіске жетіп жеңімпаз тәжі мен 100 мың теңгелік сертификатқа ие болды.
"Ұйымдастырушылар мен қатысушыларға осындай байқау үшін үлкен рахмет. Оларға жеңімпазды таңдау қиын болғаны сөсіз. Біз бәріміз белсенді, көңілді жандармыз. Мен ансамбльде ән айтамын, би үйірмесіне барамын. Жарысқа қатысуға қолдау көрсеткен, сенім білдіріп, көмектескен отбасыма алғыс айтамын. Барлық ата-әжені үйде отырмай, белсенді болуға шақырамын", - деді Күлпаш Қалқабекова.
"Супер әже-2023" байқауы биыл Астанада алғаш рет өтіп отыр.