7-20-25 бағдарламасы 14 мың өтінім қабылдаған

«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде биылғы 26 желтоқсандағы жағдай бойынша қарыз алуға 268,6 млрд теңге сомасына 23 754 өтінім қабылданды.

Бұл жөнінде Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы, NEGE. Оның ішінде 159,2 млрд теңге сомаға қарыз беруге 13 894 өтінім мақұлданды. 136,5 млрд теңге сомаға 11 903 қарыз берілді.

«7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтар туындаса, «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ-на 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша тәулік бойы хабарласуға болады.

Сонымен қатар, ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында қосымша ақпаратпен таныса аласыз.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады