71 жастағы зейнеткерді көлік қағып кетті

Атырауда 71 жастағы зейнеткерді көлік қағып кетті.

Алматы, NEGE. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, жол-көлік оқиғасы кеше, 23 қазанда болған.

«Кеше сағат 17:00 шамасында Атырау қаласында Азаттық даңғылымен Lada Granta көлігі Балықшы шағын ауданына қарай қозғалып бара жатқан. Көлік рульінде 28 жастағы жігіт болған. Ол «Нарсуд» аялдамасына таяу маңда жаяу жүргінші жолағында 71 жастағы зейнеткерді қағып кеткен» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Жарақат алған зейнеткер жедел жәрдеммен облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Қазір ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабының 2-бөлігімен сотқа дейін дейінгі тергеу басталды.

Қазір оқып жатыр

РФММ гранттары төңірегіндегі дау: Оқу-ағарту министрлігі түсінік берді

Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды

Президент іске қосылған LRT желісінің алғашқы жолаушысы болды

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды