71 жастағы қазақстандық жеңіл атлетикадан бес медаль жеңіп алды

71 жастағы қазақстандық Төлеген Қожахметов жеңіл атлетикадан 23-ші Asia Masters  Athletics чемпионатында бес медаль жеңіп алды.

Almaty Management University

Астана, NEGE. Үндістанның Ченнаи қаласында өткен жарыста спортшы алтын (400 метрлік қашықтықта), екі күміс (200 метрлік қашықтықта және 4×400 метрлік эстафетада), сондай-ақ екі қола медаль (100 метрлік қашықтықта және 4×100 метрлік эстафетада) алды.

Турнир 2025 жылғы 5-9 қараша аралығында Asia Masters Athletics және Masters Athletics Federation of India қолдауымен өтті.

Masters Athletics – жоғары деңгейде жарысуын жалғастыратын әуесқойлар мен бұрынғы кәсіби спортшыларды біріктіретін халықаралық қозғалыс.

Бұл чемпионат екі жыл сайын өткізіледі.  35 жастан асқан барлық спортшылар қатыса алады. Жарыста дәстүрлі жеңіл атлетикадағыдай жүгіру, секіру және лақтыру жаттығулары қамтылған.

Алайда бұл жарыста тек нәтижелерге ғана емес, ересектер мен қарттар арасында белсенді және салауатты өмір салтын насихаттауға да басымдық беріледі.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр