700-ден астам заңсыз ойын орындары жабылды

Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті «Стоп-игра» жедел-алдын алу шарасы шеңберінде заңсыз ойын орындарын жою бойынша ауқымды іс-шараларды өткізіп келеді.

Алматы, NEGE. 2019 жылдан бастап рейдтік шаралар аясында шаһарда 712 сауда орнынан ойын терминалдары анықталған.

«Заңсыз ойын мекемелерін ұйымдастырғаны үшін 80 адам сотталды, 94 қылмыс тіркелді, 4 ұйымдасқан қылмыстық топ қызметінің жолы кесілді, онлайн-құмар ойындар ұйымдастырылған 7 астыртын казино және 9 компьютерлік клуб анықталып, жабылды, Заңсыз айналымнан 1200-ден астам ойын терминалдары алынып, жойылды. Алматы қаласының аумағында 60 орыннан тұратын заңсыз ойын мекемелерінің желісін құрған ұйымдасқан қылмыстық топтың 6 мүшесі әртүрлі мерзімге сотталды (соның ішінде 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде)», – деп жазылған ҚР ҚМА Баспасөз қызметі хабарламасында.

Осы бағыттағы жұмысты жандандыру мақсатында жедел-тергеу топтары құрылған.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты