700 тонна қызанақ шекарада қалды

Көкөністен қызанақ жемісінің қоңыр әжім вирусы табылды, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті.

Алматы, NEGE. Жыл басынан бері агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары Әзербайжан, Түркіменстан, Өзбекстан және Түркиядан тасымалданған жалпы салмағы 700 тоннадан асатын 50 шақты қызанақ партиясын анықтады.

Көкөністен қызанақтың қоңыр әжім вирусы (ToBRFV) анықталғандықтан Қазақстан аумағына кіргізуге тыйым салынды.

Айта кетейік, есепті кезеңде Комитет экспорттаушы елдерге өнімнің фитосанитарлық нормалар мен талаптарға сәйкес келмейтіні туралы 297 нотификация жіберді.

Оның 53-і - қызанақтан қоңыр әжім вирусының анықталғаны туралы хабарлама.

Қазір оқып жатыр

Роман Скляр Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

Байбек басқаратын компания Ақмола облысында тау-кен байыту комбинатын іске қосты

Жапония Қазақстан мұнайына қызығушылық танытты

Қазақстандағы шетелдік университеттер «Қазақстан тарихы» мен «Қазақ тілі» пәндерін оқытуға міндеттеледі