700 мыңға жуық адам жұмыссыз қалды

Наурыздың аяғы мен сәуірдің басында 4 миллионнан астам адам табысынан айырылды. Ал мамырда 1 миллионнан астамы жұмыссыз жүрсе, маусымда бұл көрсеткіш 700 мың төңірегінде.

Алматы, NEGE. Бұл туралы онлайн брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді. Пандемия салдарынан табысынан айырылғандардың көбі сауда және қызмет көрсету саласының өкілдері. Аймақтарға жіктегенде, халқы көп  Нұр-Сұлтан, Шымкент және Алматы қалаларында тұрақты табысынан айырылғандар саны басым. Үкімет экономиканы қалпына келтіріп, жұмыссыздарды еңбекпен қамту мақсатында бірнеше  бағдарламаны іске қосты. Ал министр жұмыссыз жүргендерді электронды еңбек биржасын пайдаланып, жұмыс іздеуге шақырды. Онда 70 мыңнан астам бос орын бар. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов: "Дүниежүзілік банктің жобасы аясында біз сұраныстағы мамандықтар бойынша онлайн оқу курстарын ашуды жоспарлап отырмыз. Оқу бағдарламасы электронды еңбек биржасында жұмыс істейді. Онда 335 жаңа оқу бағдарламасы бар. Бағдарлама бір аптадан алты аптаға дейін созылады. Онлайн оқу тегін. Ол үшін электронды еңбек биржасында жұмыссыз ретінде тіркеліп, өз электронды поштаңызды жазсаңыз жеткілікті. Айта кетерлігі, бұл курстардың нарықтағы құны 400 доллар" деді.

Қазір оқып жатыр

Түркияда Қазақстан азаматын атып кетті

Хоккейшілерден ақша жинаған: «Құлагер» клубының бұрынғы басшысына үкім шықты

«Наурыз» ипотекалық бағдарламасына қатысушылардың тізімі жарияланды

Астанада күзге дейін бірнеше көшеде қозғалыс шектеледі