7 трлн теңге дауы: банктерде тексеріс жүріп, заңбұзушылықтар анықталып жатыр

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Президент айтқан 7 трлн теңге жайлы пікір білдіріп, тексеру жүргізілген бірнеше банкте бірқатар заңбұзушылық анықталғанын айтты.

ғаламтордан

Астана, NEGE. Мәжіліс кулуарындағы брифингте Мәдина Әбілқасымоваға Қазақстан арқылы шетелге 7 трлн теңге шығарылғаны туралы сұрақ қойылды.

ҚНРДА төрағасының айтуынша, Қаржылық мониторинг агенттігі анықтаған тәуекелдер негізінде бірнеше банк тексерілген.

«Біз Қазақстандағы барлық ірі екінші деңгейлі банкке қатысты инспекциялық тексеру жүргіздік. Кейбір тексерулер аяқталды, ал бірқатары әлі де жалғасып жатыр. Тексеру нәтижелері белгілі бір заңбұзушылықтардың бар екенін растады», – деді Мәдина Әбілқасымова.

Алайда Мәдина Әбілқасымова заңбұзушылыққа жол берген банктердің атауын жариялаудан бас тартты.

«Біздің талаптарға сәйкес, инспекциялық тексеру нәтижелері, банктердің атауы және анықталған бұзушылықтар жария етілмейді», – деді Мәдина Әбілқасымова.

Оның сөзінше, тексеру қорытындысы бойынша реттеуші орган заңбұзушылықтарды жоюға арналған қадағалау жоспарын ұсынған. 

Айта кетейік, жыл басында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық банктердің бірі шетелге 7 трлн теңгеден астам қаржы аударуға көмектескенін мәлімдеп, заңсыз қаржылық операцияларға бақылауды күшейтуді тапсырған еді. 

Қазір оқып жатыр

Ресей мен Әзірбайжан AZAL ұшағының апатына байланысты келісімге келді

Таразда оқушылар арасында жаппай төбелес болып, бір баланың көзіне зақым келді

Дубайдағы әйгілі қонақүй 1,5 жылға жабылады

Қазақстанда көлік жүргізушілері жаппай тексеріліп жатыр