7 июля 2025 г. 8:52

7 шілдеге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Фото: ғаламтордан

Еліміздің көптеген өңірлерінде жаңбыр жауады. Ал солтүстік және шығыс аумақтарда нөсер жауынмен бірге бұршақ жаууы мүмкін.

Алматы, NEGE. Қазгидромет мәліметіне сәйкес, елдің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында антициклон әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Күндіз Алматы облысында 35°C, Ұлытау облысында 35-37°C, Жетісу облысының шығысы мен солтүстігінде 35-37°C, Қызылорда облысында 40°C қатты ыстық болады.

Астанада күн бұлттанып, жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +25+27°C, түнде желдің жылдамдығы 2-9 м/с, күндіз 9-14 м/с, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с-ға жетеді.

Алматыда күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +31+33°C, желдің жылдамдығы 3-8 м/с.

Шымкентте күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +35+37°C, желдің жылдамдығы 8-13 м/с.