6 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның алты облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

 Алматы, NEGE. Ақмола облысының оңтүстігіне, батысына тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігіне, оңтүстігіне тұман түседі. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді. Ауа температурасы бірден 21-26 градусқа дейін төмендейді, облыстың солтүстік-шығысында 33 градус аяз болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысына тұман түседі. Қызылорда облысының солтүстігіне тұман түсуі ықтимал. Солтүстік-шығыстан жел соғып, облыс орталығында түнде жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.

Маңғыстау облысының солтүстігі мен орталығында тұман болады.

Түркістан облысының батысына, таулы аймақтарға тұман түседі. Түркістан қаласында түнде және таңертең тұман болады.