6 мыңнан аса телесабақ түсірілмек

Қазақстанда оқушылар үшін 6 мыңнан астам телесабақ түсірілмек, деп хабарлады білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.


Алматы, NEGE. «Бүгінгі таңда әр білім беру мекемесі педагогтың қажеттілігіне орай кез келген платформаны таңдауға құқылы. Біз толығымен танысу жұмыстарын жүргіздік. Сонымен қатар осы қысқа уақыт ішінде телесабақтар жасау қолға алынды. Барлығы 6 мыңнан астам телесабақ түсіру жоспарлануда», - деп мәлімдеді Аймағамбетов сейсенбідегі үкімет отырысында.
Ол мәлімегендей, сабақтар AlFarabi және El Arna телеарналарында күніне тоғыз сағат көрсетіледі, сосын ғаламторға орналастырылады.

Қазір оқып жатыр

Теннисші Зарина Диас спорттағы мансабын аяқтады

ФБР Қытай қосымшаларын қолданбауға шақырды: БАҚ-та Temu, SHEIN және басқалары аталды

Молдова билігі Нұрлан Сабуровтың концертін өткізбеуге кеңес берді

Тоқаев пен Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді