6 қалада ауа сапасы нашарлайды
«Қазгидромет» РМК 18 қазан күні Қазақстан қалаларында күтілетін ауа сапасы туралы мәлімет ұсынды.
Алматы, NEGE. Дүйсенбі күні қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (дәрежесіз) Нұр-Сұлтан және Қостанай қалаларында болжанады. 1-дәрежелі қолайсыз метеожағдай (бір немесе бірнеше ластаушы заттар концентрациясының рұқсат етілген шекті нормадан асып кетуі) Павлодар қаласында күтіледі. Ал Риддер, Семей және Өскемен қалаларында 2-дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (бір немесе бірнеше ластаушы заттар концентрациясының рұқсат етілген шекті нормадан 3-тен жоғары асуы) қалыптасады.