6 қалада ауа ластануы мүмкін

8 қаңтар күні Қазақстанның алты қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Кәсіпорын таратқан мәліметке сенсек, 2020 жылдың 8 қаңтар күні ел астанасы – Нұр-Сұлтанда, сондай-ақ Атырау, Қарағанды, Петропавл, Семей және Өскемен қалаларында ауа сапасы нашарлайды, яғни ауа ластанады.

Қазақстанның өзге қалаларындағы ауа сапасы бірқалыпты.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Қазір оқып жатыр

Президент: Қазақстан Еуразиядағы жетекші ғылыми-технологиялық орталыққа айналуы керек

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен