6 айлық сәбиден де вирус анықталды

Алматы облысында 11 адамнан короновирус табылды. Облыс әкімінің баспасөз қызметінің пікірінше, олардың 10-ы – Іле, біреуі – Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны.

Белгілі болғандай, Іле ауданында ауырғандардың барлығы да бұған дейін сырқаттанғандармен тығыз қарым-қатынаста болған. 

Еңбекшіқазақ ауданы тұрғынының сырқаты учаскелік дәрігерді үйге шақырып, тексерілгеннен кейін анықталған. Ауырған - 6 айлық бала. Сырқаттармен қарым-қатынаста болған барлығы 44 адам анықталды. Олардың барлығы да оқшауландырылды. Бірқатары үй карантиніне алынды. Вирус шыққан үй ошақтары, науқастар тұратын подъездерге дезинфекция жүргізілді. Эпидемиологиялық зерттеулер жүргізілуде.  

Бүгінгі күні Алматы облысында барлығы коронавирустың 97 жағдайы тіркелді. 

Қазір оқып жатыр

26 наурыз – Халықаралық Арал күні болуы мүмкін

Халықаралық әріптестік нәтижесінде киберқылмыс деңгейі 4 пайызға төмендеді

КҚК-ға шабуыл жайлы жазбаларға байланысты тергеу: іске «бопсалау» бабы қосылды

16 миллиард рубль таза кіріс. Назарбаев НЕГЕ «АТБ Банк» дивидендін алмай отыр?