6 айдан кейін тексеремін: Тоқаев ауыл мектептерін жылдам интернетпен қамтуды тапсырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық педагогтер съезінде ауыл мектептерін жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз етуді тапсырды.
Алматы, NEGE. "Ауыл мектептерін жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз ету – Цифрлық даму министрлігіне де, облыс әкімдеріне де жүктелетін жауапкершілік. Алты айдан кейін берілген тапсырманың орындалуын тексеремін. Жалпы, білім беру жүйесін мүлде жаңа деңгейге шығару үшін ауқымды цифрлық трансформациялау жұмыстарын жүргізуіміз керек. 2027 жылға дейін интернет желісі әлі тартылмаған мектептердің бәрін жылдамдығы жоғары интернетке қосу қажет. Олардың әрқайсысында жергілікті желі орнатылуы керек", – деді Тоқаев.