69 мемлекет туристер үшін шекарасын жапты
Демалушыларды қарсы алуға тыйым салған мемлекеттердің басым бөлігі
– Азия-Тынық мұхиты аймағындағы елдер. Әлемнің 69 мемлекеті туристтер үшін шекарасын жапты, деп хабарлайды Аtameken Business.
Алматы, NEGE. Еуропаның да бірқатар мемлекеті пандемия кезінде туристерді қабылдауға әзірге дайын емес. 69 мемлекеттің ішінен 38 бағыт бойынша шекара 40 аптаға жабылған. Әлемде коронавирустың жаңа түрлерінің таралуына байланысты ел үкіметтері осындай шешім қабылдауда. Дүниежүзілік туристік ұйым мамандарының мәліметінше, әрбір үшінші мемлекет қазір туристерге шекарасын жапқан.