6,5 миллиард теңге көлеміндегі салық кешірілді

Қазақстандық бизнесмендердің 6,5 миллиард теңге көлеміндегі борышы кешірілді, – деп хабарлайды «Алматы» телеарнасы.

Алматы, NEGE. Телеарна мәліметінше, бұл – көбіне өсімпұлдар мен айыппұлдар. Жалпы елімізде 45 мыңға жуық салық төлеуші салық рақымшылығының игілігін көрген. 

«Салық рақымшығы қолданылған салық төлеушілердің жалпы саны – 44 397. Төленген берешек 18,4 миллиард теңге. Ал есептен шығарылған айыппұлдар мен өсімпұл - 6,5 миллиард теңге», – деді Қаржы министрінің орынбасары Берік Шолпанқұлов. 

Салықтық рақымшылықты қолданған кәсіпкерлердің басым бөлігі Алматы қаласында. Бұл шағын және орта бизнестің 6 513 субъектісі. Одан кейінгі орында Түркістан, Алматы облысы мен Нұр-Сұлтан қаласы тұр.

«Өсімақылар мен айыппұлдардың қомақты сомасы Алматы қаласының бизнесмендеріне кешірілген. 1 миллиард теңгеден асады. Ақтөбе облысында 1 миллиард теңге, Нұр-Сұлтан қаласында 750 миллион теңге, ал Қостанай облысында 413 миллион теңге кешірілген», – деді Берік Шолпанқұлов.

Қазір оқып жатыр

Президент қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Президент: Қазақстан Еуразиядағы жетекші ғылыми-технологиялық орталыққа айналуы керек

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген