61 жасында Танзания президенті Джон Магуфули қайтыс болды

Танзания президенті Джон Магуфули 61 жасында көз жұмды, деп хабарлайды Bloomberg.

Алматы, NEGE. Бұл ақпаратты елдің вице-президенті Самиа Сулуху Хассан растаған. Бұған дейін танзаниялық оппозициялық саясаткер Тунду Лиссу коронавирустан Кенияда емделіп жатқан президенттің Үндістанға жеткізілгенін мәлімдеген. Ал өз дереккөздеріне сілтеме жасаған Financial Times газеті Магуфулидің төсек тартып жатқанын жазған болатын.

Бірақ елдің ресми билігі президенттің Covid-19 жұқтырғанын мойындамай келген.

Магуфулидің өзі де елде коронавирус жоқ деуден таймай келген. Танзанияның денсаулық сақтау министрлігі Covid-19-ға қарсы вакцина сатып алу жоспары жоқ екенін мәлімдеген. ДДСҰ деректерінше, Танзания 2020 жылдың мамырынан бастап коронавирус жұқтыру мен өлім деректері туралы еш хабар бермей келді. ДДСҰ-ның есебінше, елде Covid-19 жұқтырудың 509 дерегі мен 21 кісі өлімі тіркелген.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті