600-ге жуық оқушы ҰБТ тапсыруға жіберілмеді

224 түлек ҰБТ-ға кіре алмады, тағы 563-нің нәтижелері жойылды.

Алматы, NEGE. Бүгінгі таңда 51 тестілеу пунктінде 123 мыңнан астам талапкер ҰБТ тапсырды. Оның ішінде 92 458 түлек қазақ тілінде, 30 967 - орыс тілінде, 263 - ағылшын тілінде тестілеуден өтті. Максималды балл - 140. Сонымен қатар, тінту кезінде тыйым салынған заттарды алып кіруге әрекеттенгені әшкереленген 224 түлек ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін 563 адам сыныптардан шығарылды, олардың нәтижелері жойылды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Ситуациялық орталықта әрбір тест тапсырушы "бір тест тапсырушы - бір камера" қағидаты бойынша бақыланады.

Тоғыз түлектің температурасы көтерілгендіктен, олар ҰБТ-ны басқа күні тапсыратын болды.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті