600 мың педагогтің  жалақысы 25 пайызға артады

600 мың педагогтің жалақысы 25 пайызға артады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты.

Алматы, NEGE. «Биыл бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеру жалғасатын болады. 600 мың педагог үшін жалақының 25 пайызға, 247 мың медицина қызметкерлер үшін біліктілік деңгейіне байланысты 20-дан 30 пайызға дейін көтерілуі қамтамасыз етіледі», - деді Премьер-Министр Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Үкімет басшысының атап өтуінше, әлеуметтік қызметкерлердің, нақты айтқанда 21 мың адамның лауазымдық жалақысы 50 пайызға артатын болады.

Қазір оқып жатыр

«Балапанға» түскен жігіт продюсерден зорлық көргенін айтты

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады