6 жыл жасырынып жүрген қылмыскер Қырғызстанда ұсталды

Кісі өлтірді деген айыппен 6 жылдан астам уақыт жасырынып жүрген ер адам Қырғызстанда ұсталды.

Полиция

Алматы, NEGE. «ҚР ІІМ және Қырғыз Республикасының құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылының нәтижесінде 33 жастағы азамат Бішкек қаласында ұсталды. Ол 2018 жылы Балқаш қаласында екі рет кісі өлтіргеннен кейін сот төрелігінен жасырынған», – делінген хабарламада.

Күдікті УҰИ-ға қамалды. Оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешілуде.