Бүгінге арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет 6 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады. 

inform.kz

Алматы, NEGE. Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальді бөлімдердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталып, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Еліміздің батысында, таулы аудандарында қатты жаңбыр жауып, шығысында, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Тек республиканың орталығында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді. Еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл көтеріледі, оңтүстік-батысында бұршақ жауады, шығысында түнде көктайғақ күтіледі. Сонымен қатар солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында, орталығында тұман түседі, делінген Қазгидромет хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді