9 августа 2022 г. 17:41
5 жасар Мадинаны іздеу жұмыстарында түрлі-түсті шарлар пайдаланылып жатыр
Қостанай облысында жоғалып кеткен 5 жасар қызды іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Жедел штаб таңмен әуе патрульдері екі тікұшақ пен бір ұшақтың іздестіруді жүзеге асырып жатқанын мәлімдеді.
Алматы, NEGE. Ұшақтардың бірінде тепловизор құрылғысы бар. Қазір Тобыл өзенінің арнасын да шолу жұмыстары жүргізіліп жатқаны белгілі болды.
Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Гауез Нұрмұхамбетовтың қатысуымен жедел Штабтың кезекті отырысы өтті.
Штаб отырысында егістікке тәттілер мен су қалдырып, оларға шарлар байлау туралы шешім қабылданды. Бұл іздеу жүйелері үшін сигналдық нұсқа болады. Әр өрісте осы процесті бақылайтын бақылаушылар бар. Ауадан бақылау жалғасуда.
Қазірдің өзінде 12-ден астам алқап әуеден, 8 алқап жаяу қаралған.