5 өңір «қызыл» аймаққа енді

2021 жылғы 26 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.

Алматы, NEGE. Коронавирусқа қатысты «қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары тұр.

«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Қостанай және Маңғыстау облыстары орналасқан.

«Жасыл» аймақта: Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары енді.