5 мыңнан астам сарбаздың 1,4 млрд теңге кредиті кейінге шегерілді

Мерзімді әскери борышын өтеуге шақырылғандарға кредиттік демалыс беру іске асырылып келеді. Бұл туралы ҚР Қарулы күштері Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы Бауыржан Артықов айтты.

Алматы, NEGE. "Мерзімді әскери қызметтің беделі мен тартымдылығын арттыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі таңда мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге кредиттік демалыстар ұсыну бойынша іс-шаралар іске асырылуда. Атап айтқанда, 2022-2023 жылдары 3,2 млрд теңге көлемінде 20 300 кредиті бар сарбаз анықталды. Бүгінгі таңда 8 800 қарыз бен микрокредит бойынша 5 мыңнан астам әскери қызметшінің 1,4 млрд теңге мөлшеріндегі төлемдері кейінге қалдырылды", - деді Бауыржан Артықов Орталық коииуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, Қазақстанда мерзімді әскерге шақырудың күзгі науқаны басталды. Жыл соңына дейін 19 мыңнан аса азамат Қарулы күштер мен басқа да әскери құрылым қатарын толықтырады.

Сондай-ақ Қорғаныс министрлігі әскерден босату бойынша көмек ұсынатын, ол үшін ақы сұрайтын жандардан сақ болуға кеңес береді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр