58 науқастың жағдайы ауыр

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты.

Алматы, NEGE. «Өздеріңізге мәлім, кеше коронавирус жағдайына байланысты Үкіметте ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Жалпы, қазіргі күні елімізде коронавирус жұқтырып алған 9 300-ден астам адам тіркелді. Олардың арасында 50 пайызы, яғни 4 600-ден астам науқас жазылып, ауруханадан шықты. Өкішінке қарай, қазіргі уақытта 4 653 науқас ем алып жатыр. Олардың арасында 355 бала бар.

«Сонымен қатар осы науқастардың 85 пайызының жағдайы жеңіл деңгейде деп атуға болады. Көп науқас симптомсыз тіркелген. Бірақ, 13 пайыз немесе 543 науқастың жағдайы орташа, 1,5 немесе 58 науқастың жағдайы ауыр. Олардың ішінде 19 науқас өкпені жасанды желдетуге қосылған», - деді Елжан Біртанов.

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясы Тоқаевтың бітімгерлік келіссөздерді Түркістанда өткізу бастамасына пікір білдірді

Air Astana ұшақтары Дубайға сәуірдің аяғына дейін ұшпайтын болды

Түркістан облысында қарт әкесін ұрып-соққан ер адамның жазасы қатаңдатылды

Алматыда бірнеше қылмысты жасырып қалған тергеуші сотталды