5,8 балдық жер сілкінісі болды

Жексенбіде Қытайдың солтүстік-батысындағы Цинхай провинциясының Дэлинха қаласының жанында 5,8 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Қытай сейсмология орталығы.

Алматы, NEGE. Жерасты дүмпулері Қытайдың солтүстік-батысындағы Цинхай провинциясы Дэлинха қаласының жанындағы Хайси-Моңғол-Тибет автономиялық ауданында тіркелді.

Жер сілкінісінің ошағы 8 км тереңдікте жатыр. Дэлинха қаласында 90 мыңға жуық адам тұрады.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.

Цинхай провинциясы - Цинхай-Тибет тауларының солтүстік-шығыс бөлігінде, теңіз деңгейінен жоғары биіктікте орналасқан, сейсмикалық қауіпті аймақ.

Естеріңізге сала кетейік, сенбі күні түстен кейін Бейжіңде 2,0 балдық жер сілкінісі болды.

Жерасты дүмпулері мегаполистің солтүстік-батысындағы Чанпин ауданында тіркелді. Ошағы 15 км тереңдікте орналасқан.

Қытай астанасының осы аймағында 2,26 миллионнан астам тұрғын тұрады.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр