57 жастағы әуесқой ұшқыш өзі құрастырған ұшақпен апатқа ұшырады

Татарстанда жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырап, ұшқыш қаза тапты. Оқиға Қазан қаласының маңында, Арск ауданындағы Казанбаш ауылының жанында болған. 

Татар-информ

Астана, NEGE. Татарстан бойынша Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің бас басқармасы «Татар-информ» агенттігіне хабарлағандай, апатқа ұшыраған әуе кемесі қолдан жасалған жеңіл моторлы ұшақ болған.

Ведомство мәліметінше, қаза тапқан ер адам 57 жаста. Ол авиацияға қызығатын әуесқой ұшқыш болған және ұшақты өзі құрастырып, жинаған.

Қазір оқиғаның себебі анықталып жатыр.