55 отбасы үйлі болды

Тәуелсіздік күні Талдықорғанда 55 отбасына коттедж үй берілді. Қоныс иелеріне баспана кілтін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы, NEGE. Әр коттедж үйдің ауласы – 10 сотық. Ал әр баспананың көлемі – 90 шаршы метр. «Толық емес отбасы ретінде баспана кезегінде 15 жыл тұрып, бүгін арман болған үйімізге қол жеткіздік. Өзімнің 3 балам, сегіз немерем бар. Тәуелсіздік күнінде баспаналы болып жатқан барша халықты қоныс тойымен құттықтаймын», – дейді қуанышымен бөліскен Рауза Қазақбайқызы.

Талдықорған қалалық әкімдігінің мәліметінше, бүгін берілген коттеджді үйлердің барлығы - жалға берілетін баспана. Және бұл үйлер жекешелендірілмейді. «Осы коттеджді қалашықтың аумағында 900 орындық мектеп салынады. Қазір мектептің жобасын бастадық. Балабақша саламыз. Әлеуметтік нысандардың барлығы болады. Осының барлығы – Тәуелсіздігіміздің, мемлекеттік бағдарламалардың жемісі деп білемін», – деді қоныс иелерін құттықтаған Алматы облысының әкімі Амандық Баталов.

 

Қазір оқып жатыр

Қызылшаға қарсы екпе алғандар да ауырып жатыр: елде 6 мыңға жуық жағдай тіркелді

Желтоқсан қатысушыларын балағаттаған алматылық әйелге қатысты іс қозғалды

Ақтауда өзіне қол салды деген келіншектің өлімін қайта тергейді

Назарбаевтың тоқалы Әсел Исабаева көпшілік алдына қайта шыға бастады