53 мың талапкерге грант бөлінді

53 мың қазақстандық талапкер жоғары білімді тегін мемлекет есебінен алады, деп хабарлады ҚР білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Еліміз бойынша маусым айында ҰБТ тапсырған және шекті балл жинаған талапкерлерден мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылданып жатыр.

«Биыл мемлекеттік білім грантына үміткерлердің саны 80 мыңнан асады, оның ішінде 61 039 талапкер құжаттарын eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы тапсырған. Грантқа құжаттарды ЖОО-ның виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы да тапсыруға болады. Мамандар бейнебайланыс арқылы талапкерлерге кеңес беріп, қажетті білім беру бағдарламасын таңдауға көмектеседі. ЖОО-ның виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы 9 472 талапкер құжат тапсырған. Құжаттарды осындай тәсілмен тапсыру электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) жоқ азаматтар үшін ыңғайлы. Құжаттарды 30 шілдеге дейін тапсыруға болады», делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 53 мың қазақстандық талапкер жоғары білімді тегін – мемлекет есебінен алады.

Қазір оқып жатыр

Туризм министрлігі АҚШ-тан арнайы шақырған қонағын қарсы алуды ұмытып кеткен

Ұлытауда төрт баланың анасы азаматтық некедегі күйеуінің қолынан қаза тапты

«Әр баладан 200 мың теңгеден жинап жатыр»: алматылық ана Президентке шағымданды

Наурыз ҰБТ-сы тапсырмаларынан 17 қате анықталған