50 жастағы әйел дүкен тонаған

Оралда әйел дүкеннен жарты млн теңгенің азық-түлігін жымқырған.

Алматы, NEGE. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, 50 жастағы әйел 5-27 қыркүйек аралығында Д.Қонаев шағын ауданындағы «Универсам» дүкенінен азық-түлік тағамдарын ұрлап отырған.

Осылайша ол 51 жастағы азаматқа жарты млн теңгенің шығынын келтірген. Қазіргі кезде ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігіне (ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.