50 мың қытай маскаcы заңсыз сатылған

Павлодар облысында 50 мың қытайлық масканың заңсыз сатылымы анықталды, деп хабарлады ҚР қаржы министрлігінің (ҚМ) қаржылай мониторинг комитетінің (ҚМК) баспасөз қызметі.


Алматы, NEGE. «Ағымдағы жылдың 23 шілдесінде Павлодар қаласы прокуратурасының үйлестіруімен ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері Павлодар қаласы полиция басқармасымен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шаралары барысында заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу фактісін анықтады. Атап айтқанда, жеке тұлғаның тиісті құжаттарсыз (тіркеу куәлігі, Ұлттық сараптама орталығының өнім қауіпсіздігі және сапа сертификаты және т.б.) 50 мың Қытайда жасалған медициналық масканы заңсыз сату фактісінің жолы кесілді» - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Ведомствода нақтылағандай, тәркіленген медициналық маскалар өндірушілермен Қазақстан үшін жасалмаған және тиісінше дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелу және әкету ережелерін бұзу жолымен әкелінген.

Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында су және кәріз тарифтері 25%-ға дейін төмендеді

Қазақстандық қыздарды Ресейдегі дрон шығаратын зауытқа жұмысқа тартуда – БАҚ

Алматыда бітіру кешіне 200 мың теңгеден жинаған: мектеп директоры жазаланды

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді