4 оқушыны қаққан мас жүргізушінің ісі: Президент тергеуді өз бақылауына алды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысында 4 оқушы қызды қаққан мас жүргізушіге қатысты тергеуді өз бақылауына алды.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды. «Президент Алматы облысында мас жүргізушінің төрт оқушы қызды қағып кеткен жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу жұмыстарын өз бақылауына алды. Екі қыз ауыр халде ауруханада жатыр. Мемлекет басшысы көлік жүргізушісін заңға сәйкес жауапқа тарту үшін аталған оқиғаны жан-жақты тексеру жөнінде тапсырма берді. Зардап шеккен қыздар мен олардың ата-аналарына тиісті көмек көрсетіледі» деп жазды Берік Уәли.

Еске сала кетейік, бүгін Алматы облысында мас жүргізуші 4 оқушыны қағып кетті. Әртүрлі дене жарақатын алған үш бала ауруханаға жатқызылды. Көлік қаққан екі оқушының жағдайы өте ауыр.

Қазір оқып жатыр

Алматы әуежайын су басты

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті